18 Шілде 2026, 16:51
Фото: pixabay.com
АҚШ Иранның екі провинциясына соққы жасады: қаза тапқандар бар
Иранның мәліметінше, Бушер мен Хормозган провинцияларына жасалған шабуылдардан кемінде жеті адам қаза тапқан.
Иран билігі АҚШ-тың елдің оңтүстігіндегі өңірлерге жаңа соққылар жасағанын мәлімдеді. Жергілікті ресми тұлғалардың хабарлауынша, шабуылдар Бушер және Хормозган провинцияларында тіркелген.
Al Jazeera мәліметінше, Бушер провинциясы әкімшілігі басшысының саяси және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Эхсан Джаханиян америкалық әскерилер Дашти уезіндегі ауданға, сондай-ақ Чогхадак қаласына соққы жасағанын хабарлады.
Оның айтуынша, Бушер провинциясындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сонымен қатар Хормозган провинциясының өкілі Ахмад Моради Tasnim агенттігіне соңғы екі түнде АҚШ-тың Иранның оңтүстігіне жасаған соққыларынан кемінде жеті адам қаза тапқанын мәлімдеді.
Оқиғаның басқа мән-жайы әзірге хабарланған жоқ.
- Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-приде төрт жүлде жеңіп алды 21:48
- Атырауда «ALTYN ORDA» халықаралық садақ ату турнирі өтіп жатыр 21:11
- БРИКС, БАӘ және транзит: Қазақстан экономикалық мүмкіндіктерін қалай кеңейтуде 20:59
- БРИКС плюс: Қазақстан транзит пен инвестиция мүмкіндіктерін кеңейтуде – Сарапшы 20:58
- Жапонияда үкімет қайта жасақталады: Такаити қарсыластарын қызметінде қалдырмақ 20:55
- Қосшыда сауда үйінде жанжал шығарған ер адам 15 тәулікке қамалды 20:40
- Қазақстанда алғаш рет: Алматының қалалық кардиоорталығы JCI аккредитациясын алды 20:10