6 Қазан 2026, 05:18 Фото: depositphotos.com

АҚШ Иранмен мәміле жасайтын шетелдік қаржы институттарына санкция салуы мүмкін

АҚШ билігінің мәлімдемесі Иранға қарсы санкциялық қысымды күшейту шаралары аясында жасалды.

АҚШ Иранның санкцияға ұшыраған қаржы институттарымен мәмілелерді жалғастыратын шетелдік қаржы ұйымдарына алдын ала ескертусіз санкция салуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігі мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, Иранның жаһандық қаржы жүйесіне қол жеткізуіне ықпал ететін шетелдік қаржы институттары санкция қаупіне тап болады. Бұған Иран банктеріне, сондай-ақ олардың үшінші елдердегі филиалдары мен еншілес ұйымдарына қаржылық қызмет көрсету де жатады.

АҚШ Қаржы министрлігі мұндай ұйымдар Иран экономикасының санкция салынған секторларындағы қызметті қолдаған жағдайда да жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертті.

Сонымен қатар, Иранмен жасалған мәмілелер АҚШ-тың қаржы институттары немесе америкалық тұлғаларға қатысты санкциялық талаптарды бұзса, шетелдік қаржы ұйымдары әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

АҚШ билігінің мәлімдемесі Иранға қарсы санкциялық қысымды күшейту шаралары аясында жасалды.