12 Шілде 2026, 10:11 Фото: istockphoto.com

АҚШ Иранға жаңа соққылар жасай бастағанын мәлімдеді

Вашингтон бұл шешімді Ормуз бұғазындағы оқиғадан кейін қабылдағанын хабарлады.

АҚШ Иранға қарсы әскери операцияның жаңа кезеңін бастағанын мәлімдеді. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Қолбасшылықтың мәліметінше, соққылардың үшінші кезеңі АҚШ-тың шығыс жағалауы уақытымен 12 шілде күні сағат 19:15-те басталған. Бұл Астана уақыты бойынша 13 шілде күні таңғы сағат 04:15-ке сәйкес келеді.

Axios басылымының журналисі Барак Равидтің хабарлауынша, әскери әрекет Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) Ормуз бұғазындағы кемеге ескерту ретінде оқ атуынан кейін қолға алынған.

Бұған дейін КСИР өкілдері рұқсат етілмеген бағытпен Ормуз бұғазын кесіп өтпек болған кемеге ескерту оғын атқанын мәлімдеген еді. Осы оқиғадан кейін бұғаздың қосымша хабарламаға дейін жабылатыны жарияланды.