АҚШ Иранға жаңа санкциялар енгізді
АҚШ Иранның ядролық қаруды таратпауын бақылау мақсатында жаңа санкциялар жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Санкциялар шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) арнайы тізіміне Ираннан үш ұйымды қосқан: Fanavari Electro Moj Mobin, Kavoshgaran Asman Moj Ghadir және Pardisan Rezvan Shargh халықаралық жеке акционерлік компаниялары. Сондай-ақ, тізімге Ираннан бес азамат және Венесуэладан бір азамат енгізілді.
Еске салсақ, 19 желтоқсанда OFAC Венесуэла президенті Николас Мадуроның отбасы мүшелері мен серіктестеріне санкциялар салған. АҚШ-тағы санкцияланған тұлғалардың барлық мүлкі мен мүліктік мүдделері бұғатталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы