Бүгiн 2026, 08:54
Фото: Majid Asgaripour/WANA/Reuters
АҚШ Иранға шабуыл үшін бес араб елінің аумағын пайдаланған
Бес елдің аумағы АҚШ-тың Иранға қарсы зымыран, әуе және теңіз шабуылдары кезінде қолданылған.
Парсы шығанағының бес араб елі – Бахрейн, Катар, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) және Сауд Арабиясы – аймақтағы әскери қақтығыс басталғаннан бері АҚШ әскері үшін өз территориясын немесе әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат берген, деп хабарлайды BAQ.KZ Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік деректеріне сәйкес, осы бес елдің аумағы АҚШ-тың Иранға қарсы зымыран, әуе және теңіз шабуылдары кезінде қолданылған. Әсіресе, әскери базалар, су айдындары және әуе кеңістігі шабуылдарда маңызды рөл атқарған.
Иранның барлау қызметтері дереккөздеріне сүйенген Tasnim бұл мәліметті жариялап, бес араб елінің АҚШ операцияларына жан-жақты қолдау көрсеткенін атап өтті.