АҚШ Иранға салмағы бір тоннаға жуық авиабомба тастады
The New York Times мәліметінше, соққы тұрғын ауданға жасалып, салдарынан үш адам қаза тапқан.
АҚШ әскері 30 шілдеге қараған түні Иранның Кешм аралындағы тұрғын үйге соққы жасау үшін ең қуатты ядролық емес бомбаларының бірін қолданған. Салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлады The New York Times басылымы.
Айта кетерлігі, жарылыстан қалған шұңқырдың көлемі мен оқ-дәрі қалдықтары салмағы шамамен 907 келі болатын ауыр MK-84 авиабомбасы қолданылғанын көрсетеді.
Газетаның мәліметінше, тұрғын үйдің маңынан қандай да бір әскери нысанның бар екенін дәлелдейтін айғақ табылмаған. Соққы халық тығыз орналасқан ауданға жасалған.
АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) өкілі, капитан Тим Хокинс The New York Times басылымына америкалық әскери басшылықтың бұл соққыдан хабардар екенін және алынған мәліметтерді зерттеп жатқанын айтты. Сондай-ақ ол АҚШ-тың бейбіт тұрғындарға соққы жасамайтынын мәлімдеді.
АҚШ пен Израиль Иранмен қақтығысты 28 ақпанда бастады.