Бүгiн 2026, 08:53 Фото: pixabay

АҚШ Иранға қатысты теңіз блокадасында 44 кемені кері бұрды

Мәліметке сәйкес, десанттық USS New Orleans (LPD 18) кемесінің бортындағы АҚШ теңіз жаяу әскерлері аталған операцияларға қатысуда.

АҚШ Әскери-теңіз күштері Иранға қарсы жүргізіп жатқан теңіз блокадасы аясында Араб теңізінде 44 коммерциялық кеменің бағытын өзгертуге мәжбүр етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

Мәліметке сәйкес, десанттық USS New Orleans (LPD 18) кемесінің бортындағы АҚШ теңіз жаяу әскерлері аталған операцияларға қатысуда.

Қазіргі таңда 44 коммерциялық кемеге кері бұрылу немесе портқа қайту туралы бұйрық берілді, – делінген ресми хабарламада.

Операция Иранға қысым көрсету мақсатында жүргізіліп жатыр, ал өңірдегі жағдай әлі де күрделі күйінде қалып отыр.