Бүгiн 2026, 00:30
Фото: depositphotos.com
АҚШ Иранға қатысты теңіз блокадасын тоқтатты
Сонымен қатар CENTCOM өңірде американдық әскери кемелердің қала беретінін атап өтті.
АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иран порттарына кіретін және шығатын кемелерге қатысты теңіз блокадасы тоқтатылғанын мәлімдеді.
ВВС-дің жазуынша, хабарламада АҚШ әскери күштері енді Парсы және Оман шығанақтарындағы Иран порттарына бағытталған немесе одан шығатын кеме қозғалысына кедергі келтірмейтіні айтылған. Президенттің тапсырмасына сәйкес енгізілген барлық шектеу шаралары күшін жойған.
Сонымен қатар CENTCOM өңірде американдық әскери кемелердің қала беретінін атап өтті. Олар қол жеткізілген келісімдердің орындалуын бақылап, оның сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.