АҚШ Иранға қарсы соғысқа 48 миллиард доллардан астам қаржы жұмсады – Пентагон
13 қарашадағы жағдай бойынша Иранға қарсы әскери қимылдар АҚШ-қа 48,3 млрд долларға түсті. Түпкілікті шығындар бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін: аталған сомаға Иран соққыларынан зақымданған америкалық әскери нысандарды қалпына келтіру шығындары кірмеген, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа-ға сілтеме жасап.
Мұндай деректерді 19 қарашада АҚШ Сенатының қарулы күштер істері жөніндегі комитетінде өткен тыңдауда Пентагонның бюджет мәселелері жөніндегі өкілі Артур Миллер ұсынды.
Оның айтуынша, тамыз айының басынан бері шығындар шамамен 27%-ға өскен. Егер 1 тамызда АҚШ Конгресінің Бюджет басқармасы бұл шығындарды 38 млрд долларға бағаласа, 13 қарашаға қарай бұл сома 48,3 млрд долларға жеткен.
Бұл шығындарға оқ-дәрі сатып алу, әскери техниканы алмастыру және әскери операцияларды жүргізу кіреді.
Алайда Таяу Шығыстағы америкалық әскери нысандарды жөндеу шығындары әзірге есептелмеген. Миллер қосымша шығындар туралы нақты деректері жоқ екенін айтты.
Сенаттың қарулы күштер істері жөніндегі комитетінің төрағасы, республикашыл Роджер Уикер зақымданған нысандарды қалпына келтіру құны туралы ақпаратты барынша тез ұсынуды талап етті.