Бүгiн 2026, 08:11 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

АҚШ Ирандағы әскери операцияға 42 млрд доллардан астам қаржы жұмсаған

АҚШ билігі кейінгі кезеңде әскери операцияға күн сайын шамамен 1 млрд доллар жұмсауды жоспарлаған.

АҚШ-тың Ирандағы әскери операциясына кеткен шығын 37 күн ішінде 42,1 млрд доллардан асқан. Бұл туралы нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін Iran War Cost Tracker порталы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Портал дерегі бойынша, есептеулер АҚШ Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) 10 наурызда Конгреске жасаған брифингіне негізделген. Онда соғыс қимылдарының алғашқы алты күнінде Вашингтон 11,3 млрд доллар жұмсағаны айтылған.

Сондай-ақ АҚШ билігі кейінгі кезеңде әскери операцияға күн сайын шамамен 1 млрд доллар жұмсауды жоспарлаған.