АҚШ Ирандағы әскери нысандарға қайтадан әуеден соққы жасады
Аймақтағы жағдай қайта шиеленісіп, тараптар арасындағы әскери текетірес күшейе түсті.
АҚШ Әскери-әуе күштері Иранның әскери инфрақұрылымына жаңа соққылар жасады. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) хабарлады.
Америкалық тараптың мәліметінше, операция Иранның өңірдегі коммерциялық кемелерге жасаған шабуылдарына жауап ретінде жүргізілген. Әуе соққылары кезінде әскери барлау нысандары, байланыс және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, дрон қоймалары, сондай-ақ теңіз миналарын орналастыруға арналған құралдар зақымданған.
CENTCOM мәліметінше, бұған дейін ирандық дрон Панама туымен жүзіп келе жатқан M/T Kiku мұнай танкеріне шабуыл жасаған. Қолбасшылықтың дерегінше, кемеде 2 миллион баррельден астам мұнай болған.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран Сингапур туымен Ормуз бұғазы арқылы өткен Ever Lovely контейнер тасымалдаушы кемесіне қарсы кемінде төрт соққы дронын қолданғанын мәлімдеген.
Иран тарапы жаңа әуе соққылары туралы хабарларға әзірге ресми жауап берген жоқ.