АҚШ Иран мұнайын өз бақылауында қалдыруы мүмкін – Трамп
Сонымен қатар Трамп 14 қыркүйекте өтетін Парсы шығанағы елдері өкілдерінің кездесуіне қатысты егжей-тегжейлі пікір білдірмеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Иран мұнайын бақылауға алу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Ирландиядағы гольф клубында журналистермен сөйлескен Трамп АҚШ-тың Иранға қатысты алдағы әрекеттеріне тоқталды.
«Егер біз Венесуэладағыдай мұнайды өз бақылауымызда қалдыруды шешпесек, ақырында кетеміз», – деді АҚШ президенті.
Сонымен қатар Трамп 14 қыркүйекте өтетін Парсы шығанағы елдері өкілдерінің кездесуіне қатысты егжей-тегжейлі пікір білдірмеді.
Оманда өтетін жиынға Парсы шығанағы елдерінің сыртқы істер министрлері қатысады деп жоспарланған. Иран СІМ өкілі Эсмаил Багаи Тегеранның кездесуге қатысатынын растаған.
Кездесуде өңірлік мәселелермен қатар Иран мен Оманның Ормуз бұғазындағы коммерциялық кеме қатынасы үшін қауіпсіз бағыттарды белгілеу жөніндегі келіссөздерінің нәтижелері талқыланбақ.