9 Шілде 2025 2025, 01:27 Фото: pixabay

АҚШ импортқа салынатын алымдар есебінен 300 млрд доллар жинамақ

АҚШ 2025 жылдың соңына дейін жаңа енгізілген импорттық баждар есебінен 300 миллиард доллардан астам қаражат жинауды жоспарлап отыр.

АҚШ 2025 жылдың соңына дейін жаңа енгізілген импорттық баждар есебінен 300 миллиард доллардан астам қаражат жинауды жоспарлап отыр. Бұл туралы 8 шілдеде елдің қаржы министрі Скотт Бессент президент Дональд Трамптың қатысуымен өткен Ақ үйдегі үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 300 миллиард доллардан асады деп күтеміз, - деді министр.

Оның айтуынша, бүгінде Вашингтон импорттық баждар арқылы 1,1 трлн доллар көлемінде табыс алған.

Осыған дейін Трамп 6 шілдеде БРИКС саясатын қолдайтын елдерге қосымша 10% баж салығы салынатынын хабарлаған болатын. Бұл шаралар ешқандай ерекшелікті қарастырмайтыны және АҚШ-тың сауда саясатын қайта қарау аясында қабылданып жатқаны айтылды.

The Telegraph басылымының мәліметінше, бұл баждар Ресей экономикасына айтарлықтай әсер етпейді. Алайда сарапшылар бұл бастама АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған кез келген прогресті жоққа шығаруы мүмкін екенін ескертеді.