АҚШ Халықаралық қылмыстық соттың президенті мен прокурорына санкция салды
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың айтуынша, санкцияға іліккен тұлғалар Халықаралық қылмыстық соттың сот юрисдикциясын мойындамайтын мемлекеттердің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу, қамауға алу және қылмыстық қудалау жұмыстарына қатысқан.
АҚШ үкіметі Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) президенті Томоко Аканэ мен аға прокуроры Абдулай Сейеге санкция енгізді. Вашингтонның бұл шешімін ХҚС халықаралық құқықтың үстемдігіне нұқсан келтіреді деп бағалады.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың айтуынша, санкцияға іліккен тұлғалар Халықаралық қылмыстық соттың сот юрисдикциясын мойындамайтын мемлекеттердің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу, қамауға алу және қылмыстық қудалау жұмыстарына қатысқан.
Рубио Халықаралық қылмыстық сотты «сыбайласқан және шамадан тыс саясаттанған» ұйым деп атап, сот өз өкілеттігін асыра пайдаланып отыр деп мәлімдеді.
ХҚС өз кезегінде АҚШ-тың санкцияларына алаңдаушылық білдірді. Сот өкілдерінің айтуынша, судьялар мен прокурорларға заң талаптарын орындағаны үшін қысым көрсету халықаралық құқықтық тәртіпке қауіп төндіреді. Сот өз қызметкерлері мен қылмыстық әрекеттерден зардап шеккен адамдарды қолдайтынын мәлімдеді.
АҚШ Рим статутына қатысушы мемлекет емес. Вашингтон бұған дейін де Халықаралық қылмыстық сот өкілдеріне шектеулер енгізген. Санкциялар АҚШ-қа кіруге тыйым салуды және америкалық қаржы жүйесі арқылы операциялар жүргізуге шектеу қоюды қамтиды.
Айта кетейік, Томоко Аканэ Халықаралық қылмыстық соттың президенті қызметін атқарады. Ол 2025 жылғы шілдеде сот президенті ретінде құжатқа қол қойған.