АҚШ Германиядағы әскери күштерін азайту туралы шешім қабылдады
Қазіргі таңда Германияда 35 мыңнан астам америкалық әскери қызметкер орналасқан.
АҚШ Қорғаныс министрлігі Германиядағы әскери күштерін азайту туралы шешім қабылдады. Пентагонның мәліметінше, Қорғаныс министрі Пит Хегсет бір жыл ішінде шамамен 5000 америкалық сарбазды шығару жөнінде бұйрық берген, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
Қазіргі таңда Германияда 35 мыңнан астам америкалық әскери қызметкер орналасқан. Бұл – Еуропадағы ең ірі АҚШ контингенті. Жалпы алғанда, 2025 жылдың соңында Еуропадағы америкалық әскер саны шамамен 68 мыңды құраған, оның жартысынан көбі Германияда.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін де Еуропадағы әскери қатысуды қайта қарау мәселесін көтерген болатын. Соңғы шешім Пентагонның аймақтағы әскери орналастыруды жан-жақты талдауы нәтижесінде қабылданған.
Германия тарапы бұл жаңалыққа сабырлы қарады. Канцлер Фридрих Мерц АҚШ пен Германия арасындағы әскери ынтымақтастықтың маңызын атап өтіп, екі елдің қауіпсіздік саласындағы әріптестігі жалғасатынын жеткізді.
Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам АҚШ-тың Еуропадағы әскери стратегиясын қайта қарауымен және жаһандық қауіпсіздік басымдықтарының өзгеруімен байланысты.