АҚШ ЕО-ның Ресей активтерін Украинаға көмек ретінде пайдалану жоспарын қолдады
Америка Құрама Штаттары Еуропалық одақтың Ресейдің мұздатылған активтерін Украинаға қолдау көрсету мақсатында пайдалану жөніндегі бастамасын қолдайды. Бұл туралы Reuters агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Агенттік мәліметінше, Вашингтон бұл активтерді «құрал ретінде пайдалану маңызды» деп есептейді.
Бұған дейін Еуропалық комиссия Ресей активтерінен түсетін табысты Киевті қалпына келтіру мен әскери қолдауға бағыттау тетіктерін әзірлеп жатқанын мәлімдеген. Алайда Еуроодақ ішінде бұл бастамаға қатысты түрлі пікірлер айтылуда – кейбір елдер мұндай шешімнің заңдылығына және қаржылық тәуекелдерге алаңдаушылық білдірген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Боран және көктайғақ: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы