АҚШ ең ірі инвестиция салушы ел – Сыртқы істер министрі
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ мемлекеттік хатшысына «С5+1 форматы аясында ынтымақтастықты жалғастыруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қол жеткізілген жетістіктерге сүйене отырып, біз одан әрі қарай дамумыз керек. «С5+1» форматы ХХІ ғасырда климаттың өзгеруі, суды тиімді басқару, техника дағдыларын үйрету және жастарымызға ағылшын тілін үйрету мәселелерін шешу үшін АҚШ-тан инвестицияларға және озық технологияларға қол жеткізу үшін тамаша платформаны ұсынады. Қазақстан үшін АҚШ Нидерландыдан кейін елімізге 60 млрд доллар инвестиция салған екінші ел. Біздің екі жақты тауар айналымымыз 37 пайызға артып, 3,05 млрд долларға жетті, - деді Мұхтар Тілеуберді.
Сонымен қатар Сыртқы істер министрі «С5+1» форматына қатысушы елдердің делегациясын 8-9 маусымда өтетін «Астана» халықаралық форумына қатысуға шақырды.
Қазір таңда Астанада «С5+1» форматындағы Орталық Азия елдері министрлерінің кездесуі өтіп жатыр. Оған Қазақстанға арнайы сапармен келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен де қатысып жатыр.