АҚШ елшісі: Қазақстан мүддесі – жұмысымыздың ажырамас бір бөлігі
Қазақстандағы АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм қос ел арасындағы қарым-қатынасқа байланысты қойылып жүрген өзекті сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Nike, Apple және т.б. АҚШ-тың ірі компаниялардың өз өндіріс орындарын көрші Өзбекстанда ашу себебі көптеген факторға негізделеді. Жеке компаниялар өндірісті қайда орналастыру, қандай нарыққа көшу, кіммен серіктес болу керектігі сияқты шешімдерді өздері қабылдайды.
Өткен жылы Қазақстан азаматтарына 1700 иммиграциялық виза берілді. Елшінің айтуынша, бұл рекордық көрсеткіш. Алайда әзірге визасыз режім енгізуге ешқандай мүмкіндік жоқ. Виза мәселесіне келгенде, ең бастысы талап етілетін тәртіпті сақтау керек, виза алғанға дейін де, кейін де. Бұл өте маңызды.
Сондай-ақ сұхбат барысында Қазақстанның маңызды пайдалы қазбалары мен агроөнеркәсіптегі әлеуеті, климаттың өзгеруі, сауданы әртараптандыру, инвестиция, т.б. және елшінің жеке өмірі мен елшілік қызметінің қыр-сыры жайында мәселелер көтерілді.