АҚШ елшілігі Қазақстанда өткен сайлауға қатысты пікір білдірді

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі 19 наурызда өткен парламенттік сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Америка Құрама Штаттары 19 наурызда өткен парламенттік сайлауда жұмыс істеген бақылаушылардың, соның ішінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы мен Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының күш-жігеріне белсенді қатысты. Біз үкімет енгізген заңнамалық түзетулер ДИАҚБ-ның бұрынғы бірнеше ұсынымдарын ескерген, сонысымен сайлаушылардың таңдауын арттырады деген ЕҚЫҰ-ның алдын ала тұжырымдарын құптаймыз. Дегенмен, ЕҚЫҰ мониторинг миссиялары дауыстарды санау мен қорытындылаудың ашықтығына және заңсыз әкімшілік кедергілерге, кең дискрециялық өкілеттіктерге және партияларды тіркеу процесінде сот арқылы қорғау құралдарының жоқтығына қатысты алаңдаушылықтың жалғасуын атап өтті, – делінген елшілітің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Америка Құрама Штаттары тағы да Қазақстан Үкіметін ЕҚЫҰ-ның сайлауға қатысты барлық ұсыныстарын, әсіресе бейбіт жиналыстар, пікір білдіру және бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі бостандықтарына қатысты ұсыныстарын толығымен орындауға шақырады.

АҚШ-тың Қазақстандағы миссиясы Президент Тоқаевтың күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет туралы көзқарасын жүзеге асыру жолында қазақ халқының сайланған өкілдері ретінде өздерінің маңызды рөлін орындауға тырысатын Мәжілістің жаңа мүшелерімен жұмыс істеуді асыға күтеді, - делінген елшілітің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: zh-shugylasy.kz
Өзгелердің жаңалығы