АҚШ Джон Кеннедидің өліміне байланысты құжаттарды жариялады

АҚШ ұлттық архиві президент Джон Ф. Кеннедидің, оның саясаткер ағасы Роберт пен қара нәсілділердің құқығы үшін күрескен белсенді Мартин Лютер Кингтің өлімі туралы құпия құжаттарды жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 17 наурыздағы президент Дональд Трамптың директивасына сәйкес, президент Джон Ф. Кеннедидің өлімі туралы құжаттар жинақтамасының бөлігі болып саналатын бұған дейін құпия болған деректердің барлығы жарияланады, - делінген архивтің сайтында.

АҚШ-тың билігі заң бойынша Кеннедидің өлімі бойынша деректерді сонау 2017 жылы толықтай жариялауға тиіс болатын. Алайда АҚШ президент Дональд Трамп пен сол кезде ел басқарған Джо Байден ақпаратты жариялау АҚШ-тың қызығушылығы мен халықаралық қатынастарға зиян келтіру деңгейін бағалау үшін кейінге қалдырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы