АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан 260 млн доллар қарызбен шығып жатыр
22 қаңтардан бастап АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мүшесі болып саналмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
22 қаңтардан бастап АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мүшесі болып саналмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
Бір жыл бұрын, Дональд Трамп президенттік қызметіне кіріскен алғашқы күні-ақ АҚШ-тың бұл ұйымнан шығатыны жөнінде ресми хабарлама жіберген. Заңнамаға сәйкес, ДДСҰ-дан шығу үшін ел бір жыл бұрын ескертіп, ұйым алдындағы барлық төленбеген жарналарды өтеуі тиіс.
Бейсенбі күні АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі ДДСҰ-ның індеттерді тежеу, басқару және ақпарат алмасу саласындағы тиімсіздігі АҚШ-қа триллиондаған доллар шығын келтіргенін мәлімдеді.
Америка халқы бұл ұйымға жеткілікті деңгейде төлеп болды, ал келтірілген экономикалық шығын кез келген бастапқы жарналар мен қаржылық міндеттемелерден әлдеқайда асып түседі, – деп жазылған Мемдепартамент өкілінің Reuters-ке берген жауабында.
Өткен бір жыл ішінде әлемнің көптеген денсаулық сақтау сарапшылары мен ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус АҚШ-ты бұл шешімді қайта қарауға шақырған.
Мен АҚШ өз шешімін қайта қарап, ДДСҰ-ға қайта қосылады деп үміттенемін. ДДСҰ-дан шығу – АҚШ үшін де, бүкіл әлем үшін де ұтылыс, – деді ұйым басшысы бір күн бұрын.
Сонымен қатар ДДСҰ АҚШ-тың 2024 және 2025 жылдарға арналған жарналарын әлі төлемегенін, бұл сома 260 млн долларды құрайтынын мәлімдеді.
Бұл – АҚШ заңнамасының ашық бұзылуы. Алайда Трамп бұл істен, сірә, жазасыз құтылып кетуі мүмкін, – деді Вашингтондағы Джорджтаун университеті жанындағы О’Нил атындағы жаһандық денсаулық сақтау құқығы институтының директоры Лоуренс Гостин, ол ДДСҰ қызметін мұқият бақылап келеді.
АҚШ-тың ұйымнан шығуы ДДСҰ үшін бюджеттік дағдарысқа әкелуі мүмкін, себебі Вашингтон дәстүрлі түрде ұйымның ең ірі демеушісі болып, жалпы қаржыландырудың шамамен 18%-ын қамтамасыз етіп келген. Ұйым өкілдері соңғы бір жыл ішінде АҚШ-пен ынтымақтастық орнатып, ақпарат алмасып келгенін айтты. Алдағы уақытта бұл әріптестіктің қалай жалғасатыны әзірге белгісіз.
2025 жылдың қаңтарында ДДСҰ-дан шығатынын жариялай отырып, Дональд Трамп ұйымды Covid-19 пандемиясына және өзге дағдарыстарға тиімсіз жауап берді деп айыптаған еді.
- Үш сарқырама, мұздықтар мен тас көшкіні: Алматыдағы қауіпті шатқалдар қандай? 12:54
- Қазақстандағы инвесторлар мемлекеттік органдармен дауларды сотсыз шеше алады 12:36
- Түркістанда 60 мыңнан астам оқушыға 50 мың теңгеден көмек беріледі 12:35
- Сарапшы жастардың саяси белсенділігі туралы айтты 12:30
- 2026 жылы жалғызбасты ана қалай баспаналы бола алады? 12:20
- Алматы тауларында төтенше жағдайлар жиілеген: Бір күнде төрт құтқару операциясы жүргізілген 12:02
- Келісімсіз қай кезде түсірілім жүргізуге болады: Аида Балаева БАҚ құқықтарын түсіндірді 11:53