АҚШ БҰҰ жиыны алдында палестиналық шенеуніктердің визаларын кері қайтарды
АҚШ Мемлекеттік департаменті Палестина автономиясы мен Палестинаны азат ету ұйымының бірқатар ресми өкілдерінің визаларын қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар Газа секторынан жараланғандарды АҚШ-та емдеуге қабылдау бағдарламасы да уақытша тоқтатылды. Бұл шаралар БҰҰ Бас ассамблеясының жыл сайынғы отырысы қарсаңында қабылданып, Вашингтонның "терроризмді марапаттамау міндеттемесімен" түсіндірілді.
Визалық шектеулер туралы шешімге АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио қол қойды. Ведомство жаңа виза өтініштері де қабылданбайтынын нақтылады. Дегенмен, Нью-Йоркте жұмысын жалғастыруы үшін БҰҰ жанындағы Палестина миссиясының өкілдеріне ғана ерекшелік жасалды. Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі бұл шаралардың «міндеттемелерді орындамағаны және бейбітшілікке қол жеткізу перспективаларын бұзғаны үшін ООП мен Палестина автономиясын жауапкершілікке тартуға» бағытталғанын атап өтті.
Палестиналық шенеуніктер бұл шешімге қатысты пікір білдірді. БҰҰ-дағы Палестина елшісі Рияд Мансур құжатпен танысқанын және оның салдарын бағалайтынын айтты. Сондай-ақ ол президент Махмуд Аббастың дәстүрлі түрде Бас ассамблеяға қатысып, палестиналық делегацияны бастап келетінін растады.
Аббас 22 қыркүйекте екі мемлекет мәселесіне арналған жоғары деңгейдегі кездесуге де қатысады.