АҚШ барлауы Ресей армиясындағы қытайлықтардың санын анықтады
АҚШ барлау қызметінің мәліметінше, шамамен 200 қытай азаматы Ресей жағында Украинаға қарсы соғысып жатыр. Бұл туралы Reuters агенттігі америкалық шенеуніктер мен бұрынғы батыс барлау өкіліне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәліметтерге сәйкес, бұл қытайлықтар КХР үкіметімен тікелей байланысы жоқ жалдамалылар. Сонымен қатар, Reuters-тің дерегінше, Қытай офицерлері Ресей майданына жақын жерде жүр, олар соғыс барысын бақылап, тәжірибе жинақтап жатыр. Бұл іс-әрекет Пекиннің рұқсатымен жүзеге асуда.
Бірақ қытайлық жауынгерлердің әскери дайындығы төмен, әрі Ресей армиясының ұрыс қимылдарына айтарлықтай әсер етпей отыр, - дейді сарапшылар.
Украина президенті Владимир Зеленский жақында Ресей әскерінде бірнеше жүз қытай азаматы бар екенін айтып, бұл жағдайды сынады.
Путинге Солтүстік Корея сарбаздары аздық етті. Енді ол қытайларды тартып, шығынның орнын толтырмақ. Бірақ бұл соғысты тоқтатудың жалғыз жолы – Мәскеуге бірлескен халықаралық қысым жасау, – деді Зеленский.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алдағы күндері үсік жүреді
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы