АҚШ әуежайында екі ұшақ соқтығысты: Қаза тапқандар бар
АҚШ әуежайында екі ұшақ соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ ABC News-ке сілтеме жасап.
Аризона штатындағы Скоттсдейл әуежайында Bombardier Learjet 35A ұшағы жерге қонған соң ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, Gulfstream 2100 бизнес-джетіне соғылған.
Апат салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам зардап шекті. Тағы бір адам әуе кемесінде қалып қойған. Оны құтқарушылардың шығарып жатқаны айтылды.
Оқиғаға қатысты тексеріс жүргізу басталды. Әзірге төтенше жағдайдың себептері анықталған жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Екі өңірде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Өзгелердің жаңалығы