Бүгiн 2026, 08:11 Фото: REUTERS / Bryan Woolston

АҚШ әскери күштері Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанаға соққы жасады

CENTCOM дерегіне сәйкес, шабуыл жасалған қайықтар теңізге миналар орнатуға әрекеттенген.

АҚШ әскери күштері Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанаға соққы жасаған. Ьұл туралы Fox News телеарнасы мәлім етті.

АҚШ Әскери-теңіз күштері Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) өкілі Тим Хокинстің мәліметінше, операция өзін-өзі қорғау мақсатында жүргізілген. Нысана ретінде зымыран ұшыру алаңдары мен Иранның әскери қайықтары таңдалған.

CENTCOM дерегіне сәйкес, шабуыл жасалған қайықтар теңізге миналар орнатуға әрекеттенген. Соққы салдарынан Бендер-Аббас маңында Ислам революциясы сақшылар корпусының екі қайығы мен бір зымыран ұшыру алаңы жойылған.

Fox News журналисі Дженнифер Гриффиннің айтуынша, операция аяқталған және қорғаныс сипатында болған.