27 Қараша 2025 2025, 05:18 Фото: g20.com

АҚШ 2026 жылғы G20 саммитіне Оңтүстік Африка өкілдерін шақырмайды

Вашингтон әкімшілігі 2026 жылы АҚШ-тың Флорида штатында өтетін G20 саммитіне Оңтүстік Африка Республикасының өкілдерін шақыруға ниетті емес, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN-ге сілтеме жасап.

Вашингтон әкімшілігі 2026 жылы АҚШ-тың Флорида штатында өтетін G20 саммитіне Оңтүстік Африка Республикасының өкілдерін шақыруға ниетті емес, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN-ге сілтеме жасап.

Дереккөзге сәйкес, АҚШ аталған іс-шараларға оның орнына Польшаны жоғары деңгейде қатысуға шақыруды жоспарлап отыр. Оңтүстік Африка президентінің ресми өкілі Винсент Магвенья бұл ақпаратты ресми хабарлама алынғанға дейін алыпсатарлық ретінде қарастыратынын айтты.

G20 саммиті 22-23 қарашада Йоханнесбургте өтті. Оған АҚШ-тан басқа барлық елдер қатысты, ал Ресей делегациясын Ресей президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Максим Орешкин басқарды.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап G20 төрағалығын алады. 2026 жылы саммит Майами маңындағы Дорал қаласындағы Трампқа тиесілі гольф клубы мен курорт кешенінде өтеді. Бұған дейін Дональд Трамп қыркүйекте Оңтүстік Африкадағы саммитке бармайтынын мәлімдеген.