Ақпаратқа қол жеткізуді бақылау Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктеледі
Заң жобасы аясында ақпаратқа қол жеткізу саласына мемлекеттік бақылау енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оны Мәдениет және ақпарат министрлігі профилактикалық бақылау нысанында бақылау субъектісіне бармай және жоспардан тыс тексеру жүргізеді.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды.
Ұлттық Банкті, соттарды және сот әкімшілігін қоспағанда, ақпарат иелері бақылау субъектілері болады. Нысандарға ақпараттық стендтер мен басқа да техникалық құралдар, ресми интернет-ресурстар, «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдас бөліктері, сондай-ақ ашық отырыстардың онлайн-трансляциялары, жалпыға қолжетімді интернет-ресурста сақталған ашық отырыстардың жазбалары мен сілтемелері жатады.
Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.