Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып Кемелбек Ойшыбаев тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін ол "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" КеАҚ Басқармасының төрағасы қызметін атқарды.
Ойшыбаев Кемелбек Бақтығұлұлы 1977 жылы 13 шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Қазақ гуманитарлық заң университетін аяқтады.
· 2000-2001 жылдары "Интерфакс-Казақстан" Ақпараттық агенттігі" ЖШС тілші болып жұмыс істеді;
· 2001-2007 жылдары "Қазақтелеком" АҚ-да президент кеңесшісі, "Қазақтелеком" АҚ атқарушы директор, "Корпоративті сатулар дирекциясы" филиалы бас директорының бірінші орынбасары, "Корпоративтік сатулар дирекциясы" филиалының Бас директоры болып жұмыс істеді;
· 2007-2011 жылдары бірқатар телебайланыс компаниясын басқарды: "CaTeлком" ЖШС, "TNS Plus" ЖШС, "2 Day Telekom" ЖШС;
· 2011-2014 жылдары – "Altyntau Resources" АҚ Басқарушы директоры;
· 2015-2016 жылдары "Қазмедиа орталығы" Басқару компаниясы" ЖШС Бас директордың орынбасары, Бас директордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарды;
· 2016 жылғы шілде-қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ директоры болды;
· 2016 жылғы қазан - 2017 жылғы ақпан аралығында "Қазақстан РТРК" АҚ Басқарма төрағасы болып қызмет істеді;
· 2018-2019 жылдары "Smartway Systems" ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы болды.