Ақпарат және қоғамдық даму министрі Еуропалық Парламент депутаттарымен кездесті
22 тамызда Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Еуропалық Парламент депутаттарымен жүздесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тараптар министрлік жетекшілік ететін мәселелерді, атап айтқанда, ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-әрекеті, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты саласындағы мәселелерді талқылады.
Асқар Омаров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің адам құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етуге және демократиялық қоғам құруға бағытталған демократиялық реформаларына баса назар аударды.
Тараптар өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша өзара қызмет жасауға және ақпарат алмасуға дайын екендіктерін білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жол апатынан 156 адам қаза тапқан - ІІМ
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы