Ақпарат министрлігі жемқорлықпен қалай күресіп жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов «AntikorLive» жобасы аясында өткен онлайн брифингте айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барлық мемлекеттік органға қойылатын ортақ міндет. Осы бағытта біздің министрлік те бірқатар жұмыс атқарып жатыр. Министрлікте атқарылып жатқан жұмыстарды екі бағытқа бөлуге болады. Біріншісі – құқықтық негіз. Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлердің жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастырады. Бұл ретте министрлік жетекшілік ететін салаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт енгізген болатынбыз, - деді Тілепов.
Вице-министр айтып өткендей, министрлікке келген әрбір жаңа қызметкер стандартпен танысып, оны орындауға міндеттеледі.
Бұдан бөлек, министрлік пен оған бағынышты барлық ведомствоның жұмысына қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспар бекітілген болатын. Жоспар ақпараттық түсіндіру жұмыстарынан бастап құқықтық ықпал ету шараларына дейін қамтиды. «ҚазМедиа» ғимаратында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істеп жатыр. Жоба аясында ауқымиды нәтижелерге қол жеткізілді, - деді ол.
Тілепов айтқандай, «Адалдық алаңы» жобасы аясында қысқа уақыт ішінде көп көрсеткішке қол жеткізілді.
Министрдің шешімімен ведомствоға қарасты ұйымдардың басшыларына қатысты ережелер қабылданған. Мәселен, ұйымдардағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңның бұзылуы анықталса, олар жұмыстан өз еркімен кетуі керек, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы