Ақпарат министрлігі өңірлерде ұсталған журналистерге қатысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орын алған оқиғалар барысында журналистерді ұстап алуға қатысты Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы уәкілетті орган болып табылады және әрқашан БАҚ өкілдерін қолдау жөніндегі ұстанымдарды ұстанады.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда ҚР аумағында БАҚ өкілдері үшін тиісті айырым белгілері бекітілген Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) қызметінің қағидалары қолданылады.
Кеудеше, жеңдегі таңғыш, жапсырма журналистің айырым белгілерінің нысандары болып табылады. Көрсетілген айырым белгілерін тағып жүру кезінде олардың анық көрінуін қамтамасыз ету қажет. Министрлік БАҚ өкілдерін ұстап алудың әрбір жағдайын мұқият тексереді. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарымен бірлесіп, ұстап алудың барлық фактілері бойынша тексеру жүргізіліп, зерделенуде. Ұстап алу фактілерін анықтаудағы негізгі проблемалар журналистерде айырым белгілерінің болмауы болып табылады, бұл оларға қатысты кәсіби қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат беруде проблема тудырды, - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, оқиғалардың көрсетілген кезеңінде БАҚ-тың жекелеген өкілдері Қазақстан Республикасында «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңнаманы бұзу фактілері бойынша, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттері және тікелей өздерінің кәсіби қызметтерін жүзеге асырмағаны үшін ұсталды.
Министрлік төтенше жағдай режимінің талаптарына түсіністікпен қарауға және қатаң сақтауға, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды жария ету кезінде журналистердің айырым белгілеріне ие болуға шақырады. Аталған мәселе Министрліктің тұрақты бақылауында.