Ақпарат министрі бала кибербуллингі туралы заңға түсінік берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.​​ Үкімет кулуарында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров кибербуллингтен қорғауға арналған заң әлеуметтік желілердің бұғаттамалмайтынын айтты.

Министрдің айтуынша, жаңа заң жобасы Сенат мақұлдауынан өтсе ғана қолданысқа енгізіледі. 

Біз бұл заңға қатысты қоғамның пікірін білеміз. Және қоғам бұл заңға 100 пайыз қарсы деп айтуға болмайды. Халық арасында пікір әртүрлі . Сол үшін де біз  “халыққа құлаққа асатын мемлекет” концепция бойынша жаңа заңнамаға талқылау жүргізудеміз, - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Сондай-ақ Асқар Умаров заң тек балаларды кибербуллингтен қорғауға бағытталатынын атап өтті.

Біз тек заңсыз контенттерді жою үшін әлеуметтік желілердің әкімшілерімен байланысқа шығамыз. Қазір жаңа  заң жобасы Сенатта кең қаралуда. Әлеуметтік желілердің әкімшілері Қазақстанда өкілдікті ашыңдар деген талапты да талқыладық. Олар елімізге келе ме әлде онлайн түрде жасала ма деген келісімдер де  бар.  Бұл заңның қалай болатынын талқылаудан кейін білеміз, - деді  Асқар Умаров. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы