16 Мамыр 2024 2024, 17:30
Фото: Ақорда
Ақордада Малайзия Премьер-министрін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы Қазақстан Президенті мен Малайзия Премьер-министріне рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.
Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим келіссөз залына барды.