Ақордада Катар Әмірін қарсы алу іс-шарасы өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді қарсы алды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Салтанатты іс-шарада Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни мен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Қатар Әмірі құрметті қарауыл бастығымен қоштасып, Қазақстан Президентімен шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы