17 Қазан 2026, 12:44 Фото: Ақорда

Ақордада Камбоджа премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімде екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

Салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын шырқады.