18 Желтоқсан 2024 2024, 11:42
Фото: Ақорда
Ақордада Гвинея-Бисау президентін салтанатты түрде қарсы алды
"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбалоны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбалоны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды, - делінген Ақорда хабарламасында.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.
Еске салсақ, Гвинея-Бисау президенті Астанаға ресми сапармен келетінін хабарлаған болатынбыз.