Ақордада бірқатар ауыс-түйіс болды. Кімдер тағайындалды?
Президенттің өкімімен Ақордада бірқатар ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының өкімімен Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорда хабарламасында.
Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Алматы облысында дүниеге келді.
1995-2000 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Саясаттану» мамандығы бойынша білім алды. Саяси ғылымдар кандидаты (2004 ж.)
2000 -2005 жылдар – «Отан» партиясы Орталық аппаратының идеологиялық бөлімшесі секторының меңгерушісі, кеңесші.
2005-2006 жылдар – Алматы қ. Ішкі саясат департаментінің үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы.
2006 жылғы қыркүйекте Алматы қ. Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2009-2011 жылдар – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры.
2011-2016 жылдар – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Аумақтық орталығының сектор меңгерушісі, меңгерушінің орынбасары, меңгеруші.
2016 жылы ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі болып тағайындалды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.