Ақордада бірқатар ауыс-түйіс болды
Президент Қасым-Жомарт-Тоқаевтың өкімімен Ақордада бірқатар ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды. Оның орнына Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
"Елорда жастары": Бағдарлама арқылы баспаналы болу жолдары
Өзгелердің жаңалығы