12 Қазан 2026, 12:20
Фото: Ақорда
Ақордада Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданы ресми қарсы алу рәсімі өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Королін Ақордада салтанатты түрде қарсы алды.
Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы ресми қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мәртебелі меймандардың құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Бельгияның Мемлекеттік Туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті.
Салтанатты рәсім барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президенттік оркестр екі елдің әнұрандарын орындады.