10 Қараша 2026, 00:30 Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына шықты

Ол үш раундтың қорытындысы бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшы Ақнұр Тұрсынғали Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды.

9 қарашада 57 келіге дейінгі салмақта өткен ширек финалдық жекпе-жекте отандасымыз Сенегал өкілі Хадидиату Буаромен кездесіп, үш раундтың қорытындысы бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Ақнұр Тұрсынғали жарыстың келесі кезеңіне өтті.