Ақмолалық құтқарушылар жоғалған балықшыларды екі күн бойы іздестіріп жатыр
Екі тәулік бойы сүңгуірлер Аршалы ауданы Астана су қоймасында жоғалып кеткен балықшыларды іздеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 қазанда Астана су қоймасында моторлы қайықпен балық аулау кезінде белгісіз жағдайларда 1972 және 1975 жылы туған Теміртау қаласының тұрғындарының жоғалып кеткендігі туралы телефон хабарламасы келіп түскен. Іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылар, полицейлер, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер жұмылдырылған. Іздеу жұмыстары барысында жартасты жерлерде жағадан 500 метр қашықтықта балықшыларсыз моторлы қайық табылған.
Теміртау қаласынан Астана су қоймасында балық аулауға келген ер азаматтардың біреуі түнге қарай көлікте ұйықтап кеткен. Таңертең ол екі досын таппаған соң құтқарушылар көмегіне жүгінген болатын. Сүңгуірлер күндізгі уақытта жұмыс істеп жатыр және де бұл аймақ квадрокоптердің көмегімен тексеріліп жатыр. Суда және жағада іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Аршалы ауданы ТЖ бөлімінің бастығы Марлен Бабаев.