Ақмолалық өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Ақмолалық өрт сөндірушілер өрт кезінде жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Целиноград ауданы Преображенка ауылының шетінде орналасқан өндірістік ұйымның аумағында ангардың жылуұстағышы жанып, салдарынан экскаватордың корпусы зақымдалған.
Өрт сөндірушілер ықтимал жарылыстың алдын алу мақсатында, өрттен 1 газ және 3 оттегі баллонын шығарды. Өрт сөндірушілердің сауатты әрекетінің арқасында 9 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы құтқарылды. Өрт 300 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
50 млн теңгеге контрабандалық темекі тасымалдағандар ұсталды
Өзгелердің жаңалығы