Ақмолалық диқандар егін егуге дайындалып жатыр

Ақмолалық диқандар егін егуге дайындалуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысында егін егу науқанына дайындық басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов айтып берді.

Өңірдегі жаздық егіс алқаптарының алдын ала құрылымы бойынша 5,3 миллион гектарға жоспарлануда. Егістіктің көп бөлігінде дәнді дақылдар орналастырылады. Өсімдік шаруашылығы саласында әртараптандыруды жүргізу шеңберінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алқаптары 4,8 млн. га құрайды. бұл ретте майлы дақылдар мен жемшөп дақылдарының егістігін ұлғайту жоспарлануда. 13,8 мың гектар алқапта картоп, 2,1 мың гектарға көкөніс отырғызу жүзеге асырылады, - деді Кенеш Әлімжанов.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін өңір ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымымен толық қамтамасыз етілген. Жыл басынан бері облыстың, Қазақстанның, Ресейдің және Еуропа елдерінің басқа өңірлеріндегі аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілерінен 30 мың тоннаға жуық тұқым және 1-ұрпақ будандарының 10 мыңға жуық тұқым бірлігі сатып алынды. Осыған қарамастан, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тұқым материалын жаңарту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Спикер атап өткендей, жақын арада егістікке шамамен 15,1 мың трактор, 16,6 мың сепкіш және 1,5 мың бірлік жоғары өнімді егін егу кешені шығады, бұл техникамен бүкіл егістік алқабының шамамен 70 пайызын егу жоспарлануда. Жыл сайын машина-трактор паркі жоғары өнімді техникамен жаңартылып отырылады. Жыл басынан бері қосымша 248 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.

Егістік жұмыстарын қаржыландыру маңызды мәселе болып табылады. Мәселен, көктемгі дала жұмыстарын несиелендіруге «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы 9 млрд.теңгеге форвардтық сатып алу бағдарламасын іске асыру қарастырылған.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден 81 өтінім қабылданды. «Кен-дала» бағдарламасы шеңберінде өтінімдердің жалпы пулы 34,9 млрд.теңгеге 363 өтінімді құрады, оның ішінде 28,1 млрд. теңге берілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылы тұқымдарды өңдеуге тапсыру кезінде аграрийлерді субсидиялауға бюджет қаражаты бөлінді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: @Aqmola_region
Өзгелердің жаңалығы