Ақмолалық әлеуметтік желідегі алаяқтарға сеніп, 3 млн теңгесінен айырылды

Ақмолалық Instagram желісіндегі алаяқтарға сеніп, 3 млн теңгеден астам шығынға ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысының полиция департаменті үшінші тұлғаларға жеке деректерді, парольдерді, sms-кодтарды бермеуге, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға, өз жинақтарын күмәнді инвестициялық жобаларға салмауға, сондай-ақ үшінші тұлғалардың өтініші бойынша бейтаныс мобильді қосымшаларды жүктемеуге қатаң кеңес береді.

Полицейлер алаяқтар азаматтарды алдау үшін технология мен әлеуметтік инжинерияның барлық арсеналын шебер қолданатынын ескертеді. Мәселен, ағымдағы жылдың 3 қазанында Қорғалжын ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын өтініш білдіріп, белгісіз тұлғалар алдау арқылы өзіне тиесілі 3,146 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты иемденгені туралы хабарлады. Әйел 15 тамызда Instagram желісін қарау барысында

«Kaspi Profit» платформасы арқылы инвестиция салу арқылы ақша қаражатын көбейту туралы жарнамаға тап болғанын айтты. Ауыл тұрғыны хабарландыру астында өзінің жеке деректері мен телефон нөмірін қалдырды, сол нөмірге белгісіз адам оған хабарласып, өзін осы платформаның әкімшісі ретінде таныстырып, белгісіз қосымшаны жүктеп алуды сұрады және “инвестициялау” үшін әйелге 1,400 млн теңге сомасында ақшалай қаражат салу қажет екенін айтқан. Ол үшін жәбірленуші банктің қосымшасы арқылы ақшалай несие рәсімдеп, осы қаражатты инвестиция ретінде әкімші көрсеткен нөмірге аударды. Алайда уақыт өткеннен кейін, уәде етілген кірісті алмай, ауыл тұрғыны алаяқтардың құрбаны болғанын түсінді. Содан кейін жәбірленуші Instagram әлеуметтік желісінде заң қызметтерін көрсету туралы хабарландыруды тауып, “Kaspi Profit”-ке салынған ақшаны қайтаруға уәде берген пост авторларына жүгінді. Қаскүнемдер әйелді бұл үшін олардың қызметтеріне 1,746 млг теңге сомасында ақы төлеу қажет деп сендірді. Екі жағдайда да төлем жасалғаннан кейін алаяқтар қылмыс құрбанының телефонын бұғаттады.

Полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы