Ақмолалық 3 ауылдық мектеп "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының жобасына енді

Ақмолалық тағы 3 ауылдық мектеп "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының жобасына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылдан бастап облыста «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы жүзеге асырылуда, мақсаты – ауыл тірек мектептерін дамытудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ ауыл мектептерін материалдық-техникалық базасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыруда тең жағдай жасау арқылы аумақтық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері бойынша білім сапасының алшақтығын азайтуға көмектесу.

Жобаға қатысатын мектептер білім берудің барлық пәндері мен бағыттары бойынша жаңа заманауи модификация кабинеттері, соның ішінде мектепалды даярлық және робототехника кабинеттерімен, мультимедиялық кабинет және STEM-зертхана, заманауи жаңа зертханасы бар физика және химия кабинеттерімен жабдықталады. Сондай-ақ, жоба бойынша мектептің, мұғалімдер мен асхананың акт және спорт залдарындағы жиһаздар мен жабдықтар жаңартылады.

Бүгінгі таңда облыста 27 тірек мектеп жұмыс істейді, 8 мектеп жобаға кірді, оның ішінде ағымдағы жылы 3 мектеп. Нақтылап айтсақ, Зеренді ауданындағы Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы, Астрахан ауданындағы Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі және Біржан сал ауданындағы Степняк қаласының Абай атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі.

Біздің мектебіміз биыл осы жобаға кіріп отыр. Соның арқасында мектебіміз жаңа заман талабына сай барлық құрал-жабдықтармен, жаңа модификациық кабинеттермен, STEM-лабораториялармен жабдықталды, - деді Степняк қаласының Абай атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің директор Руслан Әбуов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақмола облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы