Ақмоладағы жүк пойызының рельстен шығуы: Қозғалыс қалпына келтірілді
Ақмола облысында жүк пойызы рельстен шығып кеткен соң біршама уақыт өткенде қозғалыс қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазақстан теміржолы" Ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 қазанда сағат 3-тен 50 минут өткенде Сұрған станциясы бойынша пойыздарды өткізу үшін қозғалыс ашылды. Апат салдары жедел түрде жойылды. Есіл және Тобыл станцияларының қалпына келтіру пойызы, бес бірлік техника және 96 адам тартылды. Түнгі уақытқа қарамастан, жұмыс тоқтаған жоқ, - делінген хабарламада.
Жолаушылар пойыздары өткізілгеннен кейін осы учаскеде қалпына келтіру жұмыстары үшін "толаскез" беру жоспарлануда.
Оқиға орнында "ҚТЖ" ҰК" АҚ комиссиясының орын алған оқиға себептерін тексерісі басталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында жүк пойызы рельстен шығып кеткені туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада түнгі өрт сөндірілді
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы