Ақмоладағы ұшақ апаты: Министрлік мәлімдеме жасады

Көлік министрлігі Ақмола облысындағы ұшақ апатына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сағат 18.54 Ақмола облысының Жарқайың ауданында АН-2 әуе кемесі апатқа ұшырады. Тіркеу нөмірі — UPA0141. Ұшақтың өртенуі орын алды. Бортта ұшқыш болды. Әуе кемесі "Бүркіт-Авиа" ЖШС-не тиесілі, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Оқиға орнында Ақмола облысы ТЖД күштері жұмылдырылды, өрт оқшауланды, алдын ала ақпарат бойынша адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, осы оқиға бойынша Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрады. Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберіледі.

Еске салайық, бұған дейін АН-2 ұшағы апатқа ұшырағаны туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы