Ақмоладағы Державин қаласы Кенесары болып өзгерді

Ақмола облысындағы Жарқайын ауданының орталығы енді Кенесары қаласы болып аталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Державин қаласының атауын қайта атау бойынша жиын өтті. Іс-шара барысында қала тұрғындары дауыс берді. 

Оның қорытындысы бойынша қала атуын Кенесары деп өзгертуге 321 адамның 192-ы дауыс беріп, көпшіліктің қалауы болды. Сондай-ақ атауды өзгертпеуге 125 дауыс жиналып, 4 бюллетень жарамсыз болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы