Ақмолада жол апатынан бүтін отбасы қаза болды
Қайғылы оқиға 14 тамыз күні "Көкшетау-Рузаевка" автожолында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышы бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртенді.
Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылорданың жаңа әуежайы қашан пайдалануға беріледі
Өзгелердің жаңалығы