Ақмолада жеке монша өртенді

Ақмола облысының өрт сөндірушілері жеке моншадағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шортанды ауданының Новокубанка ауылында жеке аула аумағында моншадан өрт шықты.

Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Өрт шыққан кезде 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз! – деп жаздыТЖМ баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы